Хоккейден Қазақстан құрамасы ӘЧ қорытынды матчында Даниядан ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Қазақстан құрамасы ӘЧ қорытынды матчында Даниядан ұтылып қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы ӘЧ қорытынды матчында Даниядан ұтылып қалды

Мәскеуде хоккейден әлем чемпионатының топтық раундының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен Данияға жол берді.

  • 17 Мамыр 2016
  • 372
Фото - Caravan.kz

Ойынның алғашқы кезеңі датчандардың жойқын шабуылымен басталды. 8-минуттің өзінде қазақстандық қақпаға шайба түсірген Маркус Лауридсен ерекше көзге түсті. Біздің голкипер Павел Полуэктов оған ешқандай қайрат жасай алмады — 0:1. Алғашқы бесминуттік соңына дейін Дания құрамасы 0:3 есебімен артықшылығын ұлғайтты, шайбаны түсіргендер Янник Хансен мен Никлас Йенсен.

Ойынның екінші кезеңінде Найджел Доус Брэндон Боченскидің өз аймағынан тамаша беруімен қақпашымен жекпе-жек келіп, шайбаны қақпаға өткізді — 1:3.

Бұдан 6 минуттан кейін датчандар есеп айырмашылығын ұлғайдды.

Николай Элерс сол қанаттан маневр жасап, дәл соққымен шайбаны қазақстандық қақпаға бағыттады — 1:4.

Қорытынды кезеңде датчандар артықшылықты ұлғайтпақшы болғанымен, қазақстандықтар бұған жол бермеді.

Бұдан бұрын Латвия командасынан ұтылған Андрей Назаровтың жігіттері ТОП-дивизионмен қош айтысты.


Одан бұрын Қазақстан іріктеу тобында Ресей (4:6)  мен Норвегиядан (2:4), Швеция (3:7)  мен Чехиядан (1:3). ұтылған болатын. Біздің команда Швейцарияға қарсы алғашқы матчында буллиттер бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетуінің арқасында ғана бірден-бір екі ұпайды місе тұтты.

Қазақстандық құрама осымен төртінші рет жоғары дивизиннан төртінші рет ұшып кетті: 2010, 2012 және 2014 жылдары да қазақстандық команда өз тобында көш соңында қалып, мәртебесі төмен дивизионға ауысқан болатын.