Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында жапондықтарды жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында жапондықтарды жеңді

Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында жапондықтарды жеңді

оккейден Қазақстан құрамасы Будапаште өтіп жатқан Әлем чемпионатының Бірінші дивизионында ойынды жеңістен бастады, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

14 сәуір күні өткен бірінші матчта Владимир Крикунов жаттықтыратын отандық команда Жапониядан айласын асырды.

Матч басталмай тұрып-ақ мамандар Азиада финалистері Крикуновтың командасынан айтарлықтай осал деген пікір білдірген болатын. Дегенмен, жапондықтар бірінші минутта Колесниковтың қақпасын шабуылдай түсті. 13-інші минутта жапондықтардың капитаны Го Танатка есепті ашты.

Есепті Константин Совенко ойынның 18-інші минутында теңестірді — 1:1.

Тең есеп матчтың 26-ыншы минутына дейін тұрып, одан кейін Константин Романов Андрей Корабейниковтың көмегімен қазақстандықтарды алға шығарды. Бірақ қарсыласын кідіртіп қалғаны үшін Виталий Новопашин ойыннан шығарылғаннан кейін, жапондықтар есептегі алшақтықты қайта жойды.

Жағдайды екінші кезеңнің соңғы минутында Константин Романов түзеді, есеп — 3:2.

Үшінші жиырмасыншы минутта қазақстандықтар тағы екі шайба соғып, сенімді жеңістеріне қол жеткізді — 5:2.

15 сәуір күні Қазақстан құрамасы британдық хоккейшілерге қарсы ойнайтын болады. Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера