Хоккейден ҚР қыздар құрамасы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден ҚР қыздар құрамасы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде

Хоккейден ҚР қыздар құрамасы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде

7-қысқы Азия ойындары аясында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден Қазақстанның қыздар командасы жарыстағы басты бәсекелестерінің бірі Жапония құрамасымен ойынын бастады.

  • 1 Ақпан 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, Жапония құрамасы 7-Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздығына үміткер команда. Олар бұған дейінгі Оңтүстік Кореямен өткізген ойында 10:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Қазақстан құрамасы да әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Жерлестеріміз әуелгі ойында КХДР қыздарын 3:0 есебімен ұтса, келесі Оңтүстік Кореямен ойында 11:0 есебімен айқын басымдылық танытқан еді.