Хостелдегі студенттің өлімі: Саясат Нұрбек қайғылы оқиға орнына неге бармағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хостелдегі студенттің өлімі: Саясат Нұрбек қайғылы оқиға орнына неге бармағанын айтты

Хостелдегі студенттің өлімі: Саясат Нұрбек қайғылы оқиға орнына неге бармағанын айтты

 

  • 5 Желтоқсан 2023
  • 208
Фото - Caravan.kz

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақханада өрт болған күні студент қаза болған жерге неге келмегені туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Министр шетелде іссапармен жүргенін айтты.

"Бірақ біздің вице-министр және бақылау комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев дереу оқиға орнына ұшып кетті.Ол бірден үкіметтік комиссияның мүшесі болып, осы уақыт бойы біздің вице-министрмен бірге Алматыда болды. Келген бойда мен бірден іске араластым. Қазіргі уақытта жұмыс және тиісті шешімдер қабылданды".Саясат Нұрбек

Алматыда 30 қарашада таңертең Әди Шәріпов көшесіндегі Алматы жатақханасынан өрт шықты. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты. Оның ішінде: төртеуі шетелдіктер (Ресей азаматтары – 2 және Өзбекстан азаматтары – 2), тоғызы – Қазақстан азаматтары.

2023 жылдың 1 желтоқсанында жатақхананы жалға алушы ұсталды.