Жарияланды: 350

Храпуновтар отбасының есепшоттары тұтындалды

Храпуновтар отбасының есепшоттары тұтындалды

Женева прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпуноваға қатысты ақша жымқыру фактісін тексеруге кірісті. Бұл туралы швейцариялық RTS арнасы хабарлады.

Тексеруге прокурор Жан-Бернард Шмид жауап береді. Ол Храпуновтар отбасының Швейцария экономикасына салған инвестицияларды қайдан тапқанын анықтауға бағытталған. Телеарнаның хабарлауынша, қазір олардың Credit Suisse және Schroder & CO компанияларындағы есепшоттары тұтқындалып, банктік құжаттары тәркіленген. Бірнеше жылдан бері Женевада тұрып жатқан Храпуновтар отбасы енді 300 млн швейцар франкіне бағаланып отырған байлығының қайдан шыққанын түсіндіріп біреуі тиіс, дейді RTS. Тексеру Қазақстан билігінің биыл көктемдегі құқықтық көмек көрсету туралы өтінішіне байланысты жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін