Храпуновтардың Швейцариядағы жылжымайтын мүліктерінің суреті жария етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Храпуновтардың Швейцариядағы жылжымайтын мүліктерінің суреті жария етілді

Храпуновтардың Швейцариядағы жылжымайтын мүліктерінің суреті жария етілді

Forbes-Қазақстан журналы Храпуновтардың Швейцариядағы жылжымайтын мүліктерінің суреттерін жария етті. Қашқын шенеунік пен оның ұл-қызына тиесілі зәулім сарай, кеңселер мен пәтерлердің барлығы дерлік Женеваның ең қымбат аудандарында орналасқан.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz


Журналистер бұл ғимараттарды қазақстандық құқық қорғау орындары берген тізіммен Google Maps бағдарламасы арқылы тауыпты. Олардың қатарында Храпуновтың қызы Эльвираның 2007 жылы 32 млн франкқа алған мына вилласы бар. Әкесі жергілікті тілшілерге берген бір сұхбатында бұл сарайды несиеге алғандарын айтып еді. Қазір құлқыны кең экс-әкім отбасымен осында тұрып жатыр екен. Бұдан бөлек Храпуновтың тура Женева орталығында 16 млн франкқа алған пәтері де бар. Альп тауының етегіндегі жеті қабатты бизнес орталық та Храпуновтар отбасына тиесілі екен. Бұл мекен-жай бойынша қашқын шенеуніктің туыстарының атына тіркелген компаниялар жұмысын жүргізуде. Ал «Отель дю Парк» деген белгілі қонақ үйлер кешені бұл тізімдегі ең қымбат мүліктердің бірі болып есептеледі. Айта кетейік, Алматының экс-әкіміне қатысты отанында 20 бірдей қылмыстық іс қозғалған. Қазір оның ісімен Швейцария прокуратурасы да айналысып жатыр.