Ирак елінде тұратын христиан дінінің өкілдері мұсылмандарға қолдау білдіру мақсатында қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасын ораза тұтумен өткізді, деп хабарлайды muslim.kz. Олардың бұлай істеуіне халдо-католиктік шіркеу басшысы патриарх Луис Рафаэль І Саконың үндеуі себеп болғанға ұқсайды.
«Христиандар да бұл күндері ауыз бекітіп, Таяу Шығыс пен Иракта бейбітшілік болуын тілеп, дұға жасаулары тиіс. Ораза мен дұғаның әсері қаншалықты екенін христиандар жақсы біледі», — деген болатын ол.
Мұсылман қауымына терең құрметтерін танытқан халдо-католиктік шіркеу жамағаты бұнымен тоқталмай, босқындар үшін 50 мың доллар қаржы да жинап беріп отыр.