Хром кенін өндіру мөлшерімен Қазақстан дүниежүзінде үшінші орынды еншілейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хром кенін өндіру мөлшерімен Қазақстан дүниежүзінде үшінші орынды еншілейді

Хром кенін өндіру мөлшерімен Қазақстан дүниежүзінде үшінші орынды еншілейді

Хром кенін өндіру мөлшерімен Қазақстан дүниежүзінде үшінші орынды еншілейді. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте Хром өнеркәсібін дамыту жөніндегі Халықаралық Қауымдастықтың (ICDA) қоршаған орта, еңбек және денсаулық қорғау жөніндегі Комитетінің Алматыда өтіп жатқан отырысында осы Қауымдастықтың бас хатшысы Мари-Соланж Поллард хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 4124
Фото - Caravan.kz

М.Поллард ортаға салған мәлімет бойынша, хром кенін өндіру мөлшерімен дүниежүзінде бірінші орынды 46 проценттік үлеспен Оңтүстік Африка Республикасы, екінші орынды 19 проценттік үлеспен Үндістан, үшінші орынды 17 проценттік үлеспен Қазақстан иемденеді. Ал хром кенін өндіруде 18 проценттік үлеске ие бірнеше мемлекет, атап айтсақ, Финляндия, Иран,Түркия және Бразилия елдері төртінші орында тұрақтаған.

ICDA бас хатшысының хабарлауынша, 2002-жылы әлемде 14 млн. тонна хром кені өндірілді.
Ал статистикаға жүгінсек, хром кенінің 85 проценті металлургия саласында, 8 проценті химия және медицина өнеркәсібінде, 7 проценті болат балқыту саласында қолданылады.

Соңғы жаңалықтар