Хромтауда колледж директорын пышақпен қорқытқан студентке қатысты еңбекпен түзеу шарасы қолданылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хромтауда колледж директорын пышақпен қорқытқан студентке қатысты еңбекпен түзеу шарасы қолданылады

Хромтауда колледж директорын пышақпен қорқытқан студентке қатысты еңбекпен түзеу шарасы қолданылады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы колледжде шу шығарып студент директорды пышақпен қорқытқан болатын. Қазір жасөспірім оқудан шығарылып, әкімдік жұмыс іздеп жатыр.

  • 1 Қараша 2017
  • 154
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.

«Колледж студенті Сәрсенбаев 2014 жылдан бері құқық қорғау органдарының есебінде тұрды. Ол әкесіз өскен. Мектеп бітірген соң оны колледжге оқуға түсірдік. Біз оларды тәрбиелеуіміз керек. Қалаға кетіп, белгісіз жерде жүргенін қаламаймыз. Көз алдымызда жүруі керек. Ол оқығысы келмеді. Енді жұмыс істейді», -деді Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин.

Еске сала кетейік, колледж студенті пышақ алып, директорды қорқытқан болатын. Кейін оны полиция қамауға алды. Жергілікті әкімдік жасөспірімді еңбекпен түзеу үшін оған жұмыс іздеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар