Алғашқы ойында жарыс қожайындары («Казхром») Павлодар облысының «Ертіс-АО АК» командасын және Оралдың «Конденсаты» Астананың «Ұшқынын» (3:0) ойсырата ұтты. Өзге кездесулерде өскемендіктердің «Шығыс-Қорғасын-Құрылысы» семейлік құрдастарынан басым түссе (3:1), «атыраулықтар» Қызылжардың «Есіліне» 2:3 есебімен есе жіберді. Бүгін енді павлодарлықтар астананалық, семейліктер оралдық, қызылжарлықтар өскемендік, ал хромтаулықтар атыраулықтармен сынға түскелі отыр. Жалпы, қазанның 20-сына дейін созылатын бұл дүбірлі додада үздік шыққан 4 команда жарыстың келесі кезеңіне жолдама алатын болады.