Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді

Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының ақтық туры өтеді

Хромтауда 6-11 сәуір күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 6-туры болады.

  • 31 Наурыз 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz


Ол «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Атырау», «Алматы» мен «Конденсат» (Орал) және жарыс қожайындарының «ТНК «Қазхром» мен Қызылжардың «Есіл» командаларының арасындағы ойынмен басталады. Бұған дейін 4-тур ойындары 7-12 ақпанда Оралда өткен еді. Қазір турнир кестесінде 53 ұпаймен алматылықтар тізгінді ешкімге берер емес. Оларды өкшелеп келе жатқан хромтаулықтардың 7 ұпайы кем. Ал өскемендіктерде — 27, атыраулықтарда — 23, қызылжарлықтарда — 17, оралдықтарда — 14 ұпай бар. Ақтық сында енді жарыс қожайындары алматылықтарды қуып жетуге бар күшін жұмсайтыны анық. Онда Өскемен мен Атырау қалаларының волейболшылар да қола жүлде үшін біршама тартысқа түспек. Ел чемпионатының жеңімпазы одан кейін 29-маусым мен 9-шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера