Хромтаудағы уақытша тергеу абақтысында айыпталушыларды ашықтырған - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хромтаудағы  уақытша тергеу абақтысында  айыпталушыларды ашықтырған - прокуратура

Хромтаудағы уақытша тергеу абақтысында айыпталушыларды ашықтырған - прокуратура

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Хромтау уақытша тергеу абақтысының қызметкерлері айыпталушыларды ашықтырған деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облысының Хромтау аудандық прокуратурасының қазметкерлері тексеру барысында Хромтау аудандық ІІБ уақытша тергеу абақтысында отырған үш айыпталушының бірнеше күн бойы тамақ алмағандығын анықтады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тексеру қамауға алынған адамдардың төсек орынмен де қамтамасыз етілмегендігін көрсетіп отыр.

Прокуратура анықталған деректер бойынша ауыпталушылардың құқықтарын бұзушылықты жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді.

Қамауға алынғандардың жағдайы «Қылмыс жасағаны үшін қамауға алынған айыпталушылар мен күдіктілерді ұстау тәртібі мен шарттары туралы» заңмен реттеледі. Аталған құжаттың 21-бабына сәйкес күдіктілер мен айыпталушылар ҚР үкіметінің тағайындаған нормалары бойынша тегін тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, заңға сәйкес абақты қызметкерлері көрпе-жастықпен қамтамасыз етуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта