Ху Цзиньтао: Қытай бейбіт кезеңде әскери күштерді белсенді пайдалануға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ху Цзиньтао: Қытай бейбіт кезеңде әскери күштерді белсенді пайдалануға ниетті

Ху Цзиньтао: Қытай бейбіт кезеңде әскери күштерді белсенді пайдалануға ниетті

Қытайға бейбіт кезеңде әскери күштерді пайдалануды белсенді жоспарлау қажет.

  • 8 Қараша 2012
  • 301
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) 18-ші съезінің ашылуында ұйымның бас хатшысы Ху Цзиньтао айтты.

Қытай Компартиясының съезі Бейжіңде 8-14 қараша аралығында өтеді. ҚКП-ның көшбасшысы Ху Цзиньтао өзінің баяндамасында қытайлық өзгешелікпен соцализм жолы бұл — «бейбіт дамуды» қолдау деп атап өтті. «Ашық түрдегі дамуды, бейбіт халықаралық жағдайды құру арқылы әріптестік негізінде дамуды ұстанған жөн», — деді Ху Цзиньтао.

«Бейбіт кезеңде әскери күштерді қолдануды жоспарлай отырып, әскери күреске дайындықты үздіксіз кеңейте және тереңдете отырып, түрлі әскери міндеттерді орындауда және ең алдымен, ақпараттандыру жағдайында келіп жатқан жергілікті соғыстарда жеңіске жетуде өз мүмкідіктерімізді арттыра отырып теңіз, ғарыш және жүйелік кеңістік қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу қажет», — деп атап өтті Ху Цзиньтао.

Соңғы жаңалықтар