ХВҚ басшысы қызметіне Франция ұсынған кандидат Қытайдың қолдауына ие болуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХВҚ басшысы қызметіне Франция ұсынған кандидат Қытайдың қолдауына ие болуды көздеп отыр

ХВҚ басшысы қызметіне Франция ұсынған кандидат Қытайдың қолдауына ие болуды көздеп отыр

ХВҚ басшысы қызметіне Франция ұсынған кандидат – қаржы министрі Кристин Лагард Қытайдың қолдауына ие болуды көздеп отыр, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

  • 27 Мамыр 2011
  • 574
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы қызметіне үміткер болып табылатын Францияның қаржы министрі Кристин Лагардәлем бойынша турнеге дайындалып жатыр, ол Қытайға, Бразилияға, Үндістанға тоқтауды көздеп отыр», — делінген The Wall Street Journal басылымының мақаласында.

Оның хабарлауынша, К.Лагард «Қытайға осы жексенбіде аттануы мүмкін».

Сондай-ақ, газеттің жазуына қарағанда, француз үкіметінің спикері Франсуа БаруэнҚытай Францияның кандидатын қолдайды деп есептейді.

«Халықаралық валюта қорының жаңа басшысының сайлауында Қытай Францияның қаржы министрінің кандидатурасын қолдайды», — деп мәлім еткен Франсуа Баруэннің сөздерін The Wall Street Journal келтіріп отыр. Сонымен бірге, осы мақалада «Франция үкіметі Лагардты ұсыну туралы шешім» қабылдамағаны айтылған.

Қытай болса, әзірге ХВҚ басқарушы-директорының алдағы сайлауына қатысты шешімін жариялаған жоқ. БАҚ-тың хабарлауынша, ХВҚ басшысын сайлау мәселесі РФ президенті Дмитрий Медведевтің Довильдегі екіжақты кездесулерінде талқыланған. «ХВҚ-ның жаңа басшысы тақырыбы Саркозимен де, Обамамен де, Кэмеронмен де талқыланды. Кристин Лагардтың біліктілігін бәрі жоғары бағалап отыр», — деп мәлім етті РФ президентінің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова бейсенбі күні журналистерге. Оның айтуынша, Д.Медведев «ХВҚ басшылығында БРИКС елдерінің салмақты өкілі болуға тиіс» екенін атап көрсеткен болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР сыртқы істер министрлігі (СІМ) БРИКС елдерімен (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка — ҚазТАГ) ХВҚ басшылығына ТМД-дан ортақ кандидат, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың кандидатурасын қолдау туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Мексика да өзінің Орталық банкінің басшысы Агустин Карстенсті кандидат ретінде ұсынды.

ХВҚ кандидаттарды ұсыну 10 маусымға дейін жалғасатынын хабарлады. Қор жаңа басқарушы-директордың сайлауын 30 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, Дүниежүзілік банкті үнемі американдық, ал ХВҚ-ны батысеуропалық басқаратын. ХВҚ-ның 24 мүшесі бар және жаңа басшыны басым дауыспен сайлайтын кеңесіндегі дауыстардың 50%-дан астамы АҚШ пен Еуроодаққа тиесілі.

Соңғы жаңалықтар