ХВҚ Қазақстанның 2012 жылғы ЖІӨ-нің болжалды өсімін 5 пайызға төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХВҚ Қазақстанның 2012 жылғы ЖІӨ-нің болжалды өсімін 5 пайызға төмендетті

ХВҚ Қазақстанның 2012 жылғы ЖІӨ-нің болжалды өсімін 5 пайызға төмендетті

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімін 5,5-тен 5 пайызға дейін төмендетті.

  • 12 Қараша 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконен мәлім етті.

«Қазақстан өткен жылдарғы 7 пайыздан, биыл болжамдар бойынша, тек 5 пайыздық өсімді қамтамасыз етеді», — деді ол «Өңірлік экономиканың даму болашағы: Кавказ және Орталық Азия» баяндамасының таныстырылымында.

«Әлемдік экономиканың көтерілуі барынша әлсіз. Біздің байқауымызша, ғаламдық өндіріс төмендеп, сауданың дамуы тоқтады. Еуропада орталық банктің қабылдаған шараларына қарамастан қаржылық ахуал жеткілікті деңгейде сезімтал. Сондай-ақ биржалық тауарлардың бағасы жоғары болып қалуда», — дейді Юха Кяхконен.

Оның айтуынша, Халықаралық валюта қоры Еуропаның негізгі елдері бойынша экономикалық даму болжамын төмендетіп отыр. Дамушы экономиканың өсуі де баяулауда. Ал Кавказ бен Орталық Азия елдерінің өсу келешегі жағымды болғанымен, сыртқы тәуекелдер күшеюде. Сондықтан Қырғызстанда 2013 жылға арналған нақты ЖІӨ-нің болжалды өсімі — 9, Түрікменстанда — 8 пайызға жуық, Өзбекстан, Тәжікстан Қазақстан, Грузияда — 5 пайыз. Армения мен бүкіл әлемде — 4 пайыз, Әзірбайжан мен Орталық Шығыс Еуропада — 3 пайызды құрамақ.

Соңғы жаңалықтар