ХВҚ жаңа басшысын сайлау туралы шешім демократиялық консультация жолымен қабылдануы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХВҚ жаңа басшысын сайлау туралы шешім демократиялық консультация жолымен қабылдануы тиіс

ХВҚ жаңа басшысын сайлау туралы шешім демократиялық консультация жолымен қабылдануы тиіс

Халықаралық валюта қорының жаңа басшысын сайлау туралы шешім ашықтық, транспаренттілік және ең үздік өкіл сайлау ұстанымдарының негізінде демократиялық консультациялар жолымен қабылдануы керек.

  • 27 Мамыр 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі, 26 мамыр күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәсихаты барысында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Цзян Юй осындай мәлімдеме жасады.

БРИКС елдері өкілдерінің ХВҚ реттеуші-директорлар тобының бірлескен мәлімдемесінде ХВҚ реттеуші-директоры ұлттық құндылық ұстанымы бойынша сайланатын дәстүр аталып өтілген.

БРИКС елдері халықаралық валюта қорының реттеуші-директорына үміткер барлық кандидаттарды талқылауда. Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдері ХВҚ басшысына ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың кандидатурасын ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар