ХВҚ-ға реформа қажет, деп есептейді Франция кандидаты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХВҚ-ға реформа қажет, деп есептейді Франция кандидаты

ХВҚ-ға реформа қажет, деп есептейді Франция кандидаты

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы қызметіне кандидатФранцияның қаржы министрі Кристин Лагард қорға реформа қажет деп есептейді. Бұл туралы rbc.ru.сайты хабарлайды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық валюта қорына елеулі реформалар қажет. ХВҚ басшылығынан үміттеніп отырған Францияның қаржы министрі Кристин Лагард осындай пікір білдірді. Оның атап көрсетуінше, қордың басшылығы үміткердің ұлтына қарамастан, оның еңбегін ескере отырып сайлануға тиіс», — делінген rbc.ru сайтының Би-би-си-ге сілтеме жасап жариялаған ақпаратында.

К.Лагардтың пікірінше, үміткердің жеке қасиеттері мен кәсіби тәжірибесі азаматтығынан биік тұруға тиіс.

ХВҚ басшылығына ТМД елдерінен ортақ кандидат — Қазақстанның Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко, РБК-ТВ эфирінде өзінің ХВҚ басшылығына сайлану мүмкіндіктерін «аса үлкен емес» деп бағалады.

«Әзірге мүмкіндік айтарлықтай үлкен емес, өйткені ірі дамушы елдер таңдауын анықтап алған жоқ. Егер БРИКС елдері басқа бір ортақ кандидатты қолдау бойынша бір тоқтамға келсе, бұл кандидаттың мүмкіндіктері менімен салыстырғанда көбірек болады, мен бәрін сол кандидат үшін дауыс беруге қуана шақырамын», — деді Г.Марченко.

Оның пікірінше, егер қазір дамушы елдердің өкілі ХВҚ-ның басшылығына келе алмаса, басқарушы-директордың алдағы 5 жылдан кейінгі келесі сайлауына мұқият дайындалу керек.

Бұған дейін хабарланғандай, 23 мамырда ХВҚ басшысының қызметіне ресми тізімді жасау қолға алынды, өтініштер 10 маусымға дейін қабылданады. 30 маусымда валюта қоры жаңа басшысын сайлайды.

Қазіргі уақытта бұл қызметке Францияның қаржы министрі Кристин Лагардтан басқа, ҚР ұлттық банкінің төрағасы Г. Марченко (ТМД-нің ортақ кандидаты – ҚазТАГ) және Мексиканың қаржы министрі Агустин Карстенс кандидат болып отыр. Израильдің қаржы министрі Стенли Фишер де ХВҚ басшысы қызметіне кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген болатын. Франция президенті Николя Саркози Довильде G8-тің отырысында «үлкен сегіздік» елдері К.Лагардтың кандидатурасына қарсы емес екенін жариялады.

ХВҚ басқарушы – директорының қызметіне үміткерлердің шорт-парағы белгілі болды. Кандидаттардың ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун, Түркияның бұрынғы экономика министрі Кемаль Дервиш, Сингапурдың қаржы министрі Тарман Шанмугаратнам және ОАР бұрынғы қаржы министрі Тремор Мануэль.

Еске сала кетейік, ХВҚ-ның экс-басшысы Доминик Стросс-Кан жеке басына қатысты жанжалға байланысты қызметтен кетті. ХВҚ тарихында 10 басқарушы – директор болған. Алғашқысы бельгиялық Камиль Гутт, кейін екі рет шведтер болды, бір-бірден Голландия, Германия және Испания өкілдері басқарды. Д. Стросс-Кан ХВҚ басшысы қызметін атқарған 4-ші француз болды.

Соңғы жаңалықтар