Киев: Донбаста Ресейдің 6 мың әскері бар - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киев: Донбаста Ресейдің 6 мың әскері бар

Киев: Донбаста Ресейдің 6 мың әскері бар

Украина шығысындағы қарулы қақтығысқа тамыздағы мәлімет бойынша алты мың ресейлік әскери қызметкер мен Ресейге бағынышты кем дегенде 35 мың сепаратист қатысып жатыр.

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Украинаның Еурпопа және еуроатлантикалық интеграция бойынша вице-премьерінің баспасөз қызметі Бас штабқа сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ресейлік әскерилер Донбасқа ротация бойынша өз әскери бөлімдерінен шағын топ болып, қару-жарақ және әскери техникасымен бірге барады. Баспасөз қызметі келтірген инфографикада қақтығысқа Нижегород, Ленинград және Кемеров облыстары мен Адыгей республикасындағы бөлімдердің әскери қызметкерлері қатысып жатыр.

Бұған дейін Bellingcat тобы ресейлік мыңдаған әскери қызметкер Донбастағы қарулы қақтығысқа қатысып, мемлекеттік марапатқа ие болған деген тұжырым жасаған.