Киевте наразылық шарасына шыққандар жарылыс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киевте наразылық шарасына шыққандар жарылыс жасады

Киевте наразылық шарасына шыққандар жарылыс жасады

Украина Жоғарғы Радасының алды қанға малынды. Киевте наразылық шарасына шыққандар жарылыс жасаған. Олар тәртіп сақшыларына бой бермей жатыр.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Жарылыс салдарынан жарақат алған полицейлердің саны 100-ден асады. Қазір төртеуі ауыр хәлде, ал біреуі қаза тапқан. Дегенмен, ашынған топ мұнымен тоқтаған жоқ. Полиция қызметкерлеріне құты мен тас лақтыруын тоқтатар емес. Салдарынан, парламент ғимаратының алды қара түтінге оранған. Ал жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмектесіп үлгермей жатыр. Айта кетейік, Украина Жоғарғы Радасы Конституцияға елді орталықтандыруға қарсы өзгертулер енгізген болатын. Халықтың дүрлігуі содан туындаған.

Соңғы жаңалықтар