Спортшының мәйіті Вилюй трактісінен табылған. Алдын ала болжамдарға сенсек, спортшы қарашаның 5-нен 6-сына қараған түні өлтірілген. Сол күні Макаров жекеменшік үйінде танысымен кездескен. Екеуі ішімдік ішіп отырып араздасып қалады. Артынша жанжалдары төбелеске ұласады.
Әзірге танысының үш дүркін әле чемпионын қалай жеңгені белгісіз. Десе де, соққылардың бірі қатты тиіп, нәтижесінде Макаров көз жұмған. Аталған фактіге сәйкес, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.