Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаутқа түсірген болатын. Оқиғаның видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.
Болжам бойынша, жанкүйерлерге спортшының қарсыласына артынан шабуыл жасағаны ұнамаған. Григорян басына тіземен жасалған соққыдан кейін қорғанбай, өз бұрышына қарай бара жатқан. Төреші жекпе-жекті тоқтатпаған, сондықтан Нидерланды спортшысы оны ереже бойынша нокаутқа түсірген.
Ал Желіде көптеген қолданушылар голланд спортшыны ұрып-соққан көрермендерді жақтап, Гронхарт қарсыласына құрметсіздік көрсетті деп отыр.
Видеоға қарағанда, жанкүйерлер оған бірнеше соққы жасаған. Оларды турнир ұйымдастырушылары мен күзетшілер тоқтатқан