Кикушинкайкан каратэден ТМД елдерінің ең үздік спортшылары Астанаға жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кикушинкайкан каратэден ТМД елдерінің ең үздік спортшылары Астанаға жиналады

Кикушинкайкан каратэден ТМД елдерінің ең үздік спортшылары Астанаға жиналады

Астанада 24-ақпанда кикушинкайкан каратэден «ТМД кубогы» 5-халықаралық турнирі өтеді.

  • 17 Ақпан 2012
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Дәулет» спорт сарайында болатын бұл жарыста спортшылар жас ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлініп өзара сайысқа түспек. Атап айтқанда 10-11 жастағы (30, 35, 40, +40), 12-13 жастағы (35, 40, 50, +50), 14-15 жастағы (45, 50, 55, +55), 16-17 жастағы (55, 60, 65, +65) және 18 жастан жоғарғы ерлер (60, 70, 80, 80) 4 салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түседі. Ал 14-15 жастағы (50, +50), 16-17 жастағы (55, +55) және 18 жастан жоғары қыздар (60, +60) екі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубокпен, медальмен және дипломмен марапатталады. Сондай-ақ ерекше көзге түскен спортшыларға «Үздік техникасы» мен «Самұрайлық рухы үшін» арнайы жүлделері беріледі.