Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министр 42500 теңге төлеудің өзіндік шарттарымен таныстырды.
"Бейресми, ешқандай жерде жұмыс істемеген азаматтар бір реттік БЖТ төледі. Солардың ішінен кім 42500 теңге алмайды? Біріншіден мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек, жалақы секілді төлем алып жүргендер 42500 теңге алмайды. Өйткені олар тіркелмей жұмыс жасағандар қатарына жатпайды", — дейді Нұрымбетов.
Сонымен қатар, Нұрымбетов декреттегі әйелдер мен студенттердің жеке санатқа жатқызылмайтынын, оларға әлеуметік көмек берілмейтінін жеткізді.
"Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде БЖТ төлеген миллионнан астам адам төледі. Олардың көп бөлігін жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сол себепті, жұмыс жасағандар ала алмайды. Студенттер мен декреттегі әйелдерді бөлек санатқа қоспайтын боламыз. Тек олар жалданып жұмыс істеп жатқан болса немесе жеке кәсіпкер болып, жұмысы тоқтап қалса, 42500 теңге ала алады. Оның себебі, біздің жұмыспен қамту заңнамасы бойынша студенттер экономикалық белсенді халыққа жатпайды", — дейді министр.