Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасы ескеріле отырып, өңделмеген табиғи алмасты ҚР аумағына әкелу және әкету ережелері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасы ескеріле отырып, өңделмеген табиғи алмасты ҚР аумағына әкелу және әкету ережелері бекітілді

Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасы ескеріле отырып, өңделмеген табиғи алмасты ҚР аумағына әкелу және әкету ережелері бекітілді

Индустрия және жаңа технологиялар министірінің бұйрығымен Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты ҚР аумағына әкелу және әкету ережелері бекітілді

  • 17 Қаңтар 2013
  • 455
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №479

2012 жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласы

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 3-тар­мағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Респуб­ликасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 6-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолда­нысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.