Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды

Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды

Баян Алагөзова қасиетті Рамазан айының алғашқы күні-ақ жұрттан ұрыс естіп қалды. Көпшілік оның крест алқамен түскен суретіне ашуланып, христиандарды насихаттап жүр деп сөкті.

  • 17 Мамыр 2018
  • 753
Фото - Caravan.kz

«Қасиетті айдың басталғанына байланысты кімде кімді ренжіткен болсам, содан кешірім сұраймын», – деп жазды Алагөзова өзінің елідегі парақшасына.

Продюсердің басқа емес, неге дәл осы суретті таңдап салғаны түсініксіз.

Желі қолданушылары Алагөзованы ең болмағанда қасиетті айда жаман әрекет көрсетпеуге шақырды.

«Мойнына крест кулонын тағып алған ба? Не деген сұмдық? Ұят қайда, Баян?», «Осы-ақ әбден шаршатты. Ең болмаса рамазан айында жынымызға тимей отыршы», «Кімді мазақ қып тұр? Басқа сурет таппай қалды ма не?», – деп ашуланды көпшілік.

Оқи отырыңыз:

Әбунасыр Серіков өзі басқаратын “Нысана” театрынан кетті 

Баян Алагөзова жаңа фильмге ұзын бойлы, сымбатты жігіт пен сұлу қыз іздеп жатыр

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен