Кімсің сен, Біләш? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кімсің сен, Біләш?

Кімсің сен, Біләш?

Қазір әлеуметтік желілерде тіркелмеген «Ата Жұрт» қозғалысының жетекшісі Серікжан Біләштың ұсталуына байланысты ақпараттық кампания белсенді түрде жұмыс істеуде. Өз кезегінде Біләш жарты жылдан бері ҚХР-дағы «Қайта тәрбиелеу лагерлері» мәселесін қозғап, шетелдік журналистердің назарын аударып келді әрі бұл жұмысты өресекел әрі қисынсыз жолмен атқарды.

  • 12 Наурыз 2019
  • 201
Фото - Caravan.kz

Шын мәнінде Қытайдағы қазақтардың басына түскен ауыр жағдайға қазақстандықтар немқұрайды қарай алмайды. Біз тағдыр тәлкегімен екіге бөлінген бір халықпыз. Сондықтан бізді ШҰАР-дағы қазақтардың мәселесі бей-жай қалдыра алмайды. Біздің Қытайдағы қазақтарды — «Қандастар» деп айтуымыз да кездейсоқ емес.

Сондықтан, еліміз Қытай билігіне ықпал ету тетіктерінің аз болғанына қарамастан, ондағы қазақтардың жағдайына қатысты барлық мәселелерді мұқият ойластырып, осы іс бойынша барынша жұмыс істеп жатқан сыртқы істер министрлігі арқылы жүзеге асыруда. Сөйте тұра негізгі халықаралық ережелер мен заңдарды бұзбай, атап айтқанда ешкімнің өзге мемлекеттің ішкі ісіне, әсіресе оның азаматтарына қатысты іске араласуға құқығы жоқ екенін естен шығарған емес.

Мәселені қаншалықты тез шешуді қаласаңыз да, ШҰАР-да тұратын қазақтар — ең алдымен Қазақстанның емес, Қытай Халық Республикасының азаматтары. Біздің мемлекет тек қана қытайлық тараптың және қытайлық басшылықтың ізгі ниеті мен парасаттылығына үміт арта отырып, көп жылдан бері ҚХР-дың сенімді одақтасы және аймақтағы серіктесі екенін, әрі «Бір белдеу — бір жол» бағдарламасы аясында алып көршіміздің көптеген жаһандық бастамаларын жүзеге асыруға ат салысатын мемлекет екенін еске салып, назарын аударуға тырысады.

Қазірдің өзінде өте жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, ШҰАР- дың аймақтық билік органдары ондағы этникалық қазақтарға қатысты сот істерін мұқият зерттеп, оларды бөлек санатқа бөлуді уәде етті. Мақсат — олардың әу бастан Қытай құқық қорғау органдарының қызметкерлері күресіп келе жатқан «ұйғыр сепаратизмі мен экстремизмі» деп аталатын санатқа еніп кетпеуін қадағылау.

Қазір Қазақстан мен ҚХР-дың осы саладағы қарым-қатынастарын сақтау аса маңызды, себебі «қазақ мәселесін» қытайлық тарапты қатты алаңдататын ислам радикализмі көріністерінен бөліп алуға қол жеткізу маңызды.

Осы тұрғыда, Серікжан Біләштің қытай билігі тарапынан этникалық қазақтар қасақана қудалануда деп батыс БАҚ-тарына берген эмоцияға толы көптеген сұхбаттары мен негізсіз айыптаулары жағдайды шешпейді, керісінше күрделендіріп, ушықтырып жібереді. Мәселені бұрыс жолмен көтере отырып, бізге қытайдағы бауырларымыздың жағдайын одан әрі қиындатып жіберу қаупі бар. Ал олардың бұл үшін бізге алғыс айтуы екіталай.

Серікжан, егер ол геосаяси жағдайдың күрделілігін түсінбейтін және халықаралық саясаттың қалтарыстары туралы білмейтін ел ішіндегі қарапайым адам болса, кешірімді болар еді. Бірақ, Біләш «ауылдың аңқау» адамы емес, қайта өз сөздеріне жауап бере алатын білімді қоғам қайраткері. Өзгелердің мойындауына қарағанда Серікжан сөзге шебер, адамдарды сендіре білетін, амбициясы басым, алды артын болжай білетін адам. Мұндай адам жайдан жай ештеңе істемейді және оның әрекеттерінің себептері туралы көптеген сұрақтар туындайды.


Серікжан Біләштың БАҚ-тағы сөздері арандатуды көздейді деп айтқым келмейді, бірақ «ҚХР-дағы« саяси тәрбиелеу лагерлері» туралы сөздерді ұнататын шетелдік БАҚ-тарға берген материалдары дәл солай көрінеді. Шын мәнінде, осындай басылымдардың журналистеріне ШҰАР-дағы қазақтар мәселесінің шешіліп жатқан-жатпағаны маңызды емес. Оларға «хайп» ұстап, өткір фактілерді жариялау ғана қызығырақ, ал Серікжан оларға өз еркімен немесе еріксіз түрде көмектеседі.

Біләштің алыстан болжай білмеуіне не себеп? Мүмкін, бұл халықаралық аудиторияның назарын аударғысы келген жеке амбициясы немесе кез-келген жолмен танымал болудың амалы ма? Әлде өзін өзі жариялаған «Ата Жұрт» серкесінің артында белгісіз күштер бар ма? Бұл жағдайда Серікжан олар үшін өздерінің әлдебір көлеңкелі істеріне пайдаланып жүрген жай ғана «тиімді аңғал адам».

Егер олай болмаса әрі Біләш өзінің осындай зиянды жұмысын саналы түрде жасап жүрсе, онда оның шімірікпей атқарған істері таң қалдырады. Бірақ мұндай жағдайда біздің қоғамымыз әлгіндей «көреген» тұлғадан өзін қорғауға толық моральдық құқығы бар …

Соңғы жаңалықтар