"Кіндігі де кесілмеген": Алматыда арыққа лақтырып тастаған шақалақты құтқару сәті жайлы видео пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кіндігі де кесілмеген": Алматыда арыққа лақтырып тастаған шақалақты құтқару сәті жайлы видео пайда болды

"Кіндігі де кесілмеген": Алматыда арыққа лақтырып тастаған шақалақты құтқару сәті жайлы видео пайда болды

Жаңа туған нәрестені ер адам сүлгіге орап, шақалақтың кіндігінің кесілмегенін байқап кіндігін кеседі.

  • 26 Тамыз 2020
  • 208
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғындары суармалы арыққа лақтырылған баланы тапқаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео krisp.almaty Instagram парақшасында жарияланды.

Видеода бірнеше адам қараңғыда жылап жатқан сәбидің дауысын естіп арыққа қарай барады.

«Біз суарылатын арықтың жанынан баланың қатты айқайын естідік, сүлгі алып қараңғыдан баланы іздеуге бардық», — деп жазды желі қолданушысы @zhappar9728 .

Нәрестені құтқарушылар қасында кішкентай балалар "мен қарай алмаймын" деп сәбидің жанына баруға жүрексінеді.

Жаңа туған нәрестені ер адам сүлгіге орап алып, шақалақтың кіндігінің кесілмегенін байқап қайшы іздеп, кіндігін кеседі.


Еске сала кетейік, 25 тамызда Алматыда арыққа лақтырылған нәресте табылғандығы белгілі болды. Нәресте ауыр жағдайда балалар жедел медициналық орталығына жеткізілді. Дәрігерлер қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

 

Соңғы жаңалықтар