Енді актрисаны өнердегі әріптестепі жақтап шықты, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Аткрисаға қолдау көрсеткендер қатарында Ақерке Ырыс та бар. Ол Қазақстанда кино түсіру қиын екенін ашып айтты.
«Қанша күннен бері қырғын болып жатыр, Моана мен Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені 2″ фильмі туралы. Біздің Қазақстанда көтерілу өте қиын ғой. Бірдеңені түсіріп бастаса, артқа тартатындар табылады. Себебі, кинотеатрға берудің өзіне бәленбай миллион ақша береді. Одан налог бар, оны төлейді. Сөйтіп кино түсіретін адам бір өліп, бір тірілмесе, шіріп кетіп жатқан ешқайсысын көрген жоқпын. Киноның ортасында жүргеннен кейін біз білеміз оның қандай екенін. Ойбай, Моана сияқты қырғын түсіріңдер дейді, жоқ қой бізде ондай. Керемет бірдеме түсіре қояйын десең, жарты ақшасын жұрттар жеп қояды ғой жан-жақтан. Қайтіп түсіресің? Қолымыздан келетіні осы», — деді ол.