“Кинода күйеуімді ойнайтын жігіт - өмірде де жолдасым” - Дариға Бадықова құпиясын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кинода күйеуімді ойнайтын жігіт - өмірде де жолдасым” - Дариға Бадықова құпиясын ашты

“Кинода күйеуімді ойнайтын жігіт - өмірде де жолдасым” - Дариға Бадықова құпиясын ашты

Актриса Дариға Бадықова су жаңа сериалдан бой көрсетпек. Бұл жолы актриса өзінің өмірлік жарымен бірге рөл ойнайды.

  • 12 Қазан 2021
  • 2426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа түскен сериалдарымен бөлісті. 

"Құрметті көзіқарақты көрермен! Құрметті оқырмандарым! Құдай қаласа, ұлттық арнада тұсаукесер! Қазақ тілді киносүйер, сериалсүйер қауымға “КҮЙЕУ БАЛА” атты су жаңа телехикая жол тартады. 
Сериалдың тағдыры сіздердің қолдарыңызда! Рекорд қылайық ал! Сериал сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз!

Осы орайда құлақтарыңызға сыбырлап по секрету айта салайын: менің жолдасымды ойнайтын әдемі жігіт — өмірде де менің жолдасым. Көбіңізге жұмбақ еді осы.

Ал шешілді жұмбақ. Ризасыздар ма? Риза болсаңыздар, сериалды қалдырмай көресіздер ғой. Құдай қаласа, ұлттық арнадан Қараша айында көрсетіледі. Назарларыңызға рақмет!",-
деп жазба жариялады.

Желі оқырмандары өздерінің ыстық ықыластырн білдірді.

"Оооо, күштііііі","Мәссаған ақыры көрдік-ау","Екі таланттылар ойнайды екен ғой","Ризамын осыған","Әп-бәрекелді",-деген пікірлерді жазды.

https://www.instagram.com/p/CU5MkZuI9e0/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар