Жарияланды: 880

Кинологтар шетелде шеберлік шыңдап қайтты

Еліміздің кинолог мамандары Австриядан оралды. Олар Бад Кройцен қаласында 2 ай болып, қызметтік иттерді жарылғыш заттар мен есірткі өнімдерін іздеуге бейімдеуді үйреніп, еуропалықтардың тәжірибесіне қанықты. Ал, бүгін Алматыдағы кедендік бақылау комитетінің кинология орталығында мекемеаралық жаттығу дәрістері аяқталды. Иісшіл әрі саққұлақ иттерін ерткен кинологтар шетелде шыңдаған шеберлігін іс жүзінде көрсетті.

Бір жарым жастағы Самба кинология орталығының мақтанышы. Есірткі мен жарылғыш заттарды табуда алдына жан салмайды. Міне, бүгін де жасырылған жарылғыш затты лезде тауып, иесіне берген белгі ретінде көліктің алдына жатып алды. Самбаның мұндағы басқа 4 аяқтылардан ерекшелігі, тек қазақша берілген бұйрықтарды орындайды. Кәрім Ыбыраев, кинолог Мен бұны алған кезде күшік емес, үлкен ит болатын. Неміс тілінде білетін командаларды. Оның өзі көп командаларды білмейді. Ол жақта немісше үйреттік те, себебі мұғалімдеріміз неміс болды. Осы Қазақстанға келгеннен кейін, мен барлығын өзім қазақшаға үйреттім. Кинология орталығында қазір отыз бес ит арнайы қызметке әзірленуде. Мамандар асыл тұқымды иттерді Австрия мен Германиядан алдырып, осында шағылыстыру арқылы күшіктетеді екен. Ал, қауіпті заттар мен қару-жарақ, валюта іздеу жұмыстарына иттер тоғыз айлығынан сегіз жасқа толғанға дейін жарамды дейді мамандар. Рыспек Смақов, ҚР кедендік бақылау комитеті кинология орталығының басшысы Қазір біз иттерді Австрияның әдістемесімен жаттықтырамыз. Яғни бұйрық берген кезде кликерді қолданамыз. Ол дегеніңіз иттер тапсырмаларды бұлжытпай, дұрыс орындаса, оларға сыйақы, тәттілер береміз. Бүгін сонымен қатар Австрияда екі айлық іс-тәжірибеден өтіп келген қазақстандық мамандарға сертификаттар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Еліміздің кинологтары бұл тренингтер барысында иттердің мінез-құлқын, есірткі мен жарылғыш заттарды табудағы қабілетін арттыруға күш салды. Мамандардың айтуынша кеден немесе аймақтардағы қылмыстарды ашу жолында қызметтік иттердің көмегі көптеп тиіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін