Киносүйер оқырманға арналған қазақ тілді сайт ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киносүйер оқырманға арналған қазақ тілді сайт ашылды

Киносүйер оқырманға арналған қазақ тілді сайт ашылды

Киносүйер оқырманға арналған www.kinostan.kz ақпараттық порталы ашылды.

  • 13 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Кеше Алматыда жаңа порталдың таныстырылымы өтті.

Сайттың әкімшісі Ернар Бекеновтың айтуынша, сайтта кино әлемі туралы жаңалықтар, премьералар, рецензиялар, шолу, талдаулар беріліп тұрады. Сондай-ақ қазақстандық және кино әлемінің жұлдыздары туралы тұрақты түрде ақпараттар, сұхбаттар да сайт бетінен орын алмақ. «Түсірілім орындарынан суреттер, бейнекөріністер, репортаждар жасауды да көздеп отырмыз. Сондай-ақ актерлер мен режиссерлер, фильмдердің рейтингтерін жасайтын боламыз»,- дейді Е.Бекенов.

Сайт авторларының бірі Дінмұхамед Зиядиннің айтуынша, сайтты ашудағы мақсат — қазақ тілінде кино саласы туралы толыққанды ақпарат беру.

«Елде киноөндіріске арналған ресурстар болғанымен, қазақ тіліндегі осы саланы толыққанды қамтитын сайт жоқтың қасы. Ал соңғы кезде қазақ киносының даму үрдісін ескерсек және мемлекеттік тілді қолданушылар санының интернет-кеңістікте артып жатқанына назар аударсақ, мұндай интернет-жобаның қажет екендігі байқалады. Kinostan.kz тек киноға арналған портал болады. Еліміздегі кинотеатрлардың кестесі беріледі. Сайт қолданушылары арасында түрлі сауалнамалар ұйымдастыру жоспарда бар»,-дейді Д.Зиядин.

Соңғы жаңалықтар