Кинотеатрда кассир қызды ішінен тепкен Астана тұрғынына қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кинотеатрда кассир қызды ішінен тепкен Астана тұрғынына қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталды

Кинотеатрда кассир қызды ішінен тепкен Астана тұрғынына қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталды

22 жастағы Қ.Төрекелдиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті,

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Азамат Қ. болмашы себеппен жәбірленушіге қатысты бұзақылық жасап, оған дене жарақаттарын салды. Күдікті Төрекелдиев ҚПК-нің 128-бабының бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД УҰА-ға қамалды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бейнебақылау камерасына түсіп қалған кинотеатрға келушілердің бірі кассир қыздың ішінен тепкен сәті ғаламторға жарияланған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі пайдаланушыларын дүрліктірген болатын. 


Соңғы жаңалықтар