"Кішкене шокта болдым": Жұлдыз Әбдікәрімовамен соттасып жатқан кәсіпкер оның он жыл бойы елден жасырған өмірі туралы бар құпияны ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кішкене шокта болдым": Жұлдыз Әбдікәрімовамен соттасып жатқан кәсіпкер оның он жыл бойы елден жасырған өмірі туралы бар құпияны ашты

"Кішкене шокта болдым": Жұлдыз Әбдікәрімовамен соттасып жатқан кәсіпкер оның он жыл бойы елден жасырған өмірі туралы бар құпияны ашты

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың үйін тартып алған кәсіпкер Дилара Тәжімбетова оқиғаға қатысты өз шындығын айтты.

  • 6 Ақпан
  • 12158
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер Дилара Тәжімбетова Қайрат Нұртасты сыйлайтынымен, Жұлдыздың әңгімесінен кейін оған деген көзқарасы өзгергенін атап өтті.

«4 сағат 10 жылда өмірі қалай өткенін айтты. Мен бұрын Жұлдызды танымағанмын, білмеймін. Қайратты иә, жақсы көреміз, сыйлаймыз, сүйікті әншіміз, еліміздің азаматы, солай деп білеміз әрқашан.

Бірақ Жұлдыздың айтқан әңгімесінен кішкене шокта болдым, қорқып кеттім. Ажырасайын деп жатқанын, сол кезде ол Қайратпен тұрмайтынын айтты», — деді Дилара Тәжімбетова.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова осыған дейін Астанада кәсіпкерге алданып, салынып бітпеген үйін ала алмай жүргенін мәлімдеген еді. Қазіргі таңда ол сотта жеңіліп, істі Бас прокуратура мен Жоғары сотқа жолдаған болатын. Сонымен бірге ол қиын сәтте не себепті жанынан күйеуі мен енесі табылмағанын да түсіндіріп берген.