Кішкентай қызды зорлаған Түркістан тұрғынын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кішкентай қызды зорлаған Түркістан тұрғынын құрықталды

Кішкентай қызды зорлаған Түркістан тұрғынын құрықталды

Түркістан қаласында полиция қызметкерлері кішкентай қыз баланы зорлаған қылмыскерді құрықтады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

  • 8 Маусым 2011
  • 694
Фото - Caravan.kz

«31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Түркістан қаласының ІІБ-на ер адам келіп, 4 жасар қызының көшеге ойнауға шыққанын, алайда қайтып келмегенін айтып, арыз білдірген. Аула маңын қарау кезінде полиция қыз бала жоғалар алдында оны ауладан бөтен ер адамның ертіп кеткенін анықтады», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Таңға жақын полицияға бір әйел адам қоңырау шалып, «Түркістан-Қызылорда» тас жолының маңындағы салынып бітпеген үйлердің бірінде кішкентай қыз отырғанын айтқан. Полиция іздеп жүрген қыз сол болып шыққан. «Қыз баланы көзбен көріп, оған зорлық көрсетілуі мүмкін деген болжам жасалған. Артынша дәрігерлер бұл болжамды растады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сол күні күдікті адамның кім екендігі анықталды. «Іздеу салынған бір апта ішінде бұрын бұзақылық үшін сотталған Түркістанның 37 жастағы жұмыссыз тұрғыны қолға түсті. Ол тамырын кесіп, өмірін қимақ болып жатқан жерінен қала сыртындағы бос қалған алаңда қолға түсті», — деп хабарлады полиция. Қылмыскер қамауға алынып, өз кінәсін толықтай мойындады. ҚР Қымыстық кодексінің «адам зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар