Кішкентай қызына арақ ішкізген әйелге қатысты полиция түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кішкентай қызына арақ ішкізген әйелге қатысты полиция түсініктеме берді

Кішкентай қызына арақ ішкізген әйелге қатысты полиция түсініктеме берді

Шығыс Қазақстанда мас әйел кішкентай қызына алкогольді ішімдік ішкізді. Оқиға түсірілген видеоға қатысты полиция түсініктеме берді.

  • 8 Қазан 2020
  • 158
Фото - Caravan.kz

Видео Instagram желісінің semey_zhaloby2 аккаунтында жарияланды. 

Бұл туралы Skifnews.kz порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

«Отбасылардың шағымдарын қарау» тобында балалардың әкесінің айтуы бойынша, анасы жиі ішімдік ішіп, бірнеше күн жоғалып кететін көрінеді.

«Полиция анасы мен әкесінен түсініктеме жазбаларын алудан басқа ешқандай шара қолданбайды» деп жазды топтағылар.

Топ мүшелері бұл видеоны көріп, баланы тезірек алуға шақырды. Шығыс Қазақстан облысының полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, видео «2020 жылдың басында» түсірілгенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары ана мен баланың тұрмыстық жағдайын тексерді және әлі де тексеріп жатыр.


«Қазіргі уақытта әйел Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында тұрады және алкогольдік ішімдік ішпейді, азғын өмір салтын ұстанбайды. Отбасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бақылауында», — деді полицияда.