Кісі өлтіргені үшін 7 жыл іздеуде жүрген Петропавл тұрғыны Екатеринборда қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кісі өлтіргені үшін 7 жыл іздеуде жүрген Петропавл тұрғыны Екатеринборда қолға түсті

Кісі өлтіргені үшін 7 жыл іздеуде жүрген Петропавл тұрғыны Екатеринборда қолға түсті

Облыстың ІІД басшысы Берік Біләловтің бастамасы бойынша ішкі істер органдарына азаматтардың сенім деңгейін арттыру мақсатында

  • 19 Тамыз 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

«өткен жылдар» санатындағы қылмысты ашу бойынша тергеу-жедел тобы құрылды.

Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл солтүстікқазақстандық жедел қызметкерлер  «өткен жылдардағы» 313 қылмыстың бетін ашты. Олардың 293-і ұсақ және орташа ауырлық деңгейіндегі қылмыстар, 19-ы ауыр қылмыс. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздестіруге баса ден қойылады. Жыл басынан бастап ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 24 қылмыскер ұсталды, олардың 9-ы «өткен жылдардағы» қылмыскерлер», — делінген хабарламада.

Петропавлда кәсіпкерді өлтірген Қазақстан азаматы 7 жылдан бері іздеуде жүрген. Қазақстандық және ресейлік полицейлердің бірлескен жұмысының арқасында ол осы жылы наурызда Свердловск облысы Екатеринбор қаласында ұсталды. Тергеу барысында қылмыс жасаған 23 жастағы петропавлдық  2007 жылы құқық қорғау органдарынан бой тасалағаны анықталды. Соңғы кездері ол Ресейде үнемі бір қаладан бір қалаға ауысып,  тұрып келген. 


Соңғы жаңалықтар