Кісі қолынан қаза тапқан судья Жанна Бердіғұлова қылмыскерді үйіне өзі кіргізген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кісі қолынан қаза тапқан судья Жанна Бердіғұлова қылмыскерді үйіне өзі кіргізген

Кісі қолынан қаза тапқан судья Жанна Бердіғұлова қылмыскерді үйіне өзі кіргізген

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованың қазасына тұрмыстық жанжал себеп болған, деп хабарлайды «Интерфакс-Казахстан».

  • 15 Маусым 2017
  • 793
Фото - Caravan.kz

«Қылмыс тұрмыстық қарым-қатынас кезінде болған», — деп хабарлады ақпарат агенттігіне дереккөз.

Оның мәліметінше, қанды қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған жігіт жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, оны судья хабарландыру бойынша тапқан екен.

«Күдікті жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, Алматыға кетпек болған әйел оны хабарландырудан тапқан. Сол күні ол марқұмның үйіне келеді, араларында жанжал шығып, оны тұншықтырып өлтірген», – дейді дереккөз.

Айта кетсек, Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өз үйінде өлтіріп кеткен еді. 46 жастағы судьяның денесі сейсенбі күні таңертең ваннадан табылған. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы жігітті ұстады, ол кінәсін толық мойындаған.