Жүргізілген шара барысында «Сіз білесіз бе?» атты әртүрлі қызықты сұрақтар топтастырылған шағын сұрақ–жауап буклеттері ұсынылды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға кітапшалар сыйладық. Өздеріне таратылған «Негеш?» үн парақтары арқылы келушілер табиғат құбылыстарының құпиялары туралы мәліметтерге қанықты. Сондай–ақ балалар түрлі-түсті мұқабалы, әсем безендірілген ертегі, әңгіме кітаптармен және балаларға арналған журналдармен таныстырылды.