КК басшысы үкімет Конституциялық кеңестің шешімдерін уақытында орындамайтынын атап көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КК басшысы үкімет Конституциялық кеңестің шешімдерін уақытында орындамайтынын атап көрсетті

КК басшысы үкімет Конституциялық кеңестің шешімдерін уақытында орындамайтынын атап көрсетті

ҚР Конституциялық кеңесінің (КК) басшысы Игорь Рогов үкіметтің КК шешімдерін уақытында орындамайтынын атап көрсетті.

  • 20 Маусым 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Конституциялық кеңестің шешімдерін орындамау немесе уақытында, не толығымен орындамау фактілері жалғасуда», — деді ол дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР-дағы конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы баяндама жасау барысында.

«Мысалы, 2009 жылдың 20 тамызындағы №5 нормативтік қаулысында Конституциялық кеңес үкіметке «Заңсыз жолмен алынған кірістерді легализациялауға және жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» заңды күшіне енгізу шарты ретінде үкіметке парламент мәжілісіне бұл заң жобасын Конституциялық кеңестің құқықтық позицияларына сәйкестендіруді қарастыратын заң жобасын енгізуге кеңес берген. Алайда парламент мәжілісінің қарауына ондай заң жобасы 1,5 жылдан артық уақыт өткен соң ғана енгізілді», — деді КК басшысы.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін КК-нің халықаралық келісімдерді ратификациялаудың нормативтік ережелеріне қатысты кеңесі орындалмаған.

«2009 жылдың 5 қарашасындағы №6 нормативтік қаулысында Конституциялық кеңес халықаралық ұйымдардың, олардың органдарының шешімдері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімнің сол шешімдерінің Қазақстан үшін міндетті мәнге ие екені тікелей көрсетілген жағдайда ғана республика ратификациялаған халықаралық келісімнің заңды күшіне ие бола алады. Қазіргі уақытта КК-нің бұл құқықтық позициясы қолданыстағы заңнамада жүзеге асырылмағанын атап өту керек», — деді И. Рогов.

Соңғы жаңалықтар