КХДР-дан қашпақ болған солдат жантүршігерлік жағдайға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КХДР-дан қашпақ болған солдат жантүршігерлік жағдайға ұшырады

КХДР-дан қашпақ болған солдат жантүршігерлік жағдайға ұшырады

КХДР солдаты өз елінен Оңтүстік Кореяға қашпақ болған. Алайда осы кезде оған солтүстік кореялық солдаттар оқ жаудырып нәтижесінде ер адам жараланып қалған. 

  • 7 Желтоқсан 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life-қа сілтеме беріп хабарлайды.

Оңтүстік Корея жағы солдатқа көмектесіп оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер тиісті зерттеулерді жүргізген соң, ер адам ағзасынан паразиттер табылған.

Оңтүстік кореялық дәрігер өзінің тәжірибесінде мұндай сұмдық жағдайды кездестірмегенін айтады. «20 жылдық тәжірибемде мұндайды көрген жоқпын. Оның ағзасында 26 сантиметр ұзындықтағы паразиттер болған. Басынан өткерген жағдайлардан кейін оның тірі қалуы екіталай еді»,-дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, паразиттер солдат ішіне бұзылған тағам арқылы енуі мүмкін еді. Солтүстік Кореяда азық-түліктерді өсіру кезінде оны адам  нәжісімен  тыңайтады дейді олар. Егер азық-түлікті арнайы заттармен тыңайтпаса, паразиттер адам ағзасына көкөністерді жеген кезде енуі мүмкін екен.