ҚҚС-тан босатылған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің тізбесі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚҚС-тан босатылған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің тізбесі бекітілді

ҚҚС-тан босатылған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің тізбесі бекітілді

Қосымша құн салығынан босатылған дәрілер тізімі анықталды,

  • 13 Қаңтар
  • 2
Фото - Caravan.kz

ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, белгіленді:

  1. өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі;
  2. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
  3. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
  4. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары.

Өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын медициналық қызметтер тізбесіне:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер:

  • медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдем;
  • ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде алғашқы медциналық-санитариялық көмек;
  • ересектер және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық‑диагностикалық көмек, оның ішінде:

— радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика;

— зертханалық диагностика (бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер; жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер);

— гистология;

— зертханалық генетика;

— анестезиология және реаниматология;

— акушерлік іс;

— акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалануды қоспағанда);

— акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);

— акушерлік және гинекология (жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);

— аллергология және иммунология;

— ангиохирургия;

— авиация және ғарыш медицинасы;

— вакцина алу (профилактикалық егулерді жүргізу);

— гастроэнтерология;

— гематология;

-гериатрия;

— клиникалық диетология;

— дерматовенерология;

— инфекциялық аурулар;

— кардиология;

— кардиохирургия;

— клиникалық фармакология;

— сәуле терапиясы;

— медициналық генетика;

— төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;

— медициналық-әлеуметтік көмек;

— физикалық медицина және медициналық оңалту (физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология);

— наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

— кезек күттірмейтін медицина;

— неонатология;

— неврология;

— нефрология;

— нейрохирургия;

— оториноларингология;

— офтальмология;

— ортодонтия;

— остеопатия;

— жалпы дәрігерлік практика;

— жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология, жақ-бет сүйегі;

— онкология және гематология;

— радиациялық онкология;

— патологиялық анатомия;

— кәсіптік патология;

— педиатрия;

— пульмонология;

— пластикалық хирургия (балаларда туа біткен ақаулар кезінде);

— психиатрия;

— стоматология (терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық);

— мейіргер ісі;

— травматология‑ортопедия;

амбулаториялық жағдайлардағы мына мамандықтар бойынша мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде;

  • анестезиология және реаниматология;
  • акушерлік іс;
  • акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалануды қоспағанда);
  • акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзу пайдалануды);
  • акушерлік және гинекология (жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);
  • аллергология және иммунология;
  • ангиохирургия;
  • авиация және ғарыш медицинасы;
  • вакцина алу (профилактикалық егулерді жүргізу);
  • гастроэнтерология;
  • гематология;
  • гериатрия;
  • клиникалық диетология;
  • дерматовенерология;
  • инфекциялық аурулар;
  • кардиология;
  • кардиохирургия;
  • сәуле терапиясы;
  • медициналық генетика;
  • медициналық-әлеуметтік көмек;
  • физикалық медицина және оңалту (физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология);
  • наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
  • неонатология;
  • неврология;
  • нефрология;
  • нейрохирургия;
  • оториноларингология;
  • офтальмология;
  • ортодонтия;
  • остеопатия;
  • жалпы дәрігерлік практика;
  • жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология, жақ-бет сүйегі;
  • онкология;
  • патологиялық анатомия;
  • кәсіптік патология;
  • педиатрия;
  • пульмонология;
  • пластикалық хирургия (балаларда туа біткен ақаулар кезінде);
  • психиатрия;
  • ревматология;
  • медициналық оңалту;
  • стоматология (терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық);
  • мейіргер ісі;
  • спорт медицинасы;
  • терапия;
  • трансфузиология;
  • трансплантология;
  • травматология‑ортопедия;
  • дәстүрлі медицина (гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғатта жаралған заттармен емдеу);
  • клиникалық токсикология;
  • урология;
  • фтизиатрия;
  • эндокринология;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:

  • радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика, патологиялық анатомия;
  • зертханалық диагностика (бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер; жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер);
  • гистология;
  • зертханалық генетика;
  • акушерлік іс;
  • акушерлік және гинекология (қосалы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалануды қоспағанда);
  • акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзу пайдалану);
  • акушерлік және гинекология (жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);
  • аллергология және иммунология;
  • анестезиология және реаниматология;
  • ангиохирургия;
  • авиация және ғарыш медицинасы;
  • вакцина алу (профилактикалық егулерді жүргізу);
  • гастроэнтерология;
  • гематология;
  • гериатрия;
  • клиникалық диетология;
  • дерматовенерология;
  • инфекциялық аурулар;
  • кардиология;
  • кардиохирургия;
  • сәулелі терапия;
  • медициналық генетика;
  • медициналық-әлеуметтік көмек;
  • физикалық медицина және медициналық оңалту (физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология);
  • наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
  • неонатология;
  • неврология;
  • нефрология;
  • нейрохирургия;
  • оториноларингология;
  • офтальмология;
  • ортодонтия;
  • остеопатия;
  • жалпы дәрігерлік практика;
  • жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология, жақ-бет сүйегі;
  • онкология;
  • патологиялық анатомия;
  • кәсіптік патология;
  • педиатрия;
  • жылжымалы медициналық кешен;
  • пульмонология;
  • пластикалық хирургия (балаларда туа біткен ақаулар кезінде);
  • психиатрия;
  • ревматология;
  • медициналық оңалту;
  • стоматология (терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық);
  • мейіргер ісі;
  • спорт медицинасы;
  • терапия;
  • трансфузиология;
  • трансплантология;
  • травматология‑ортопедия;
  • дәстүрлі медицина (гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғатта жаралған заттармен емдеу);
  • клиникалық токсикология;
  • урология;
  • фтизиатрия;
  • эндокринология;
  • ядролық медицина;
  • радиофармацевтикалық препаратпен емдеу;

Сонымен қатар:

  • қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткiзу;
  • паллиативтік көмек;
  • сараптама және медициналық куәландыру:
  • медициналық қарап-тексеру;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға қосымша медициналық көмек.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.