Клайпеда қаласында «Балтық теңізі: Еуразия қақпасы» атты халықаралық конференциясы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Клайпеда қаласында «Балтық теңізі: Еуразия қақпасы» атты халықаралық конференциясы өтті

Клайпеда қаласында «Балтық теңізі: Еуразия қақпасы» атты халықаралық конференциясы өтті

Клайпеда қаласында Литва мен Қазақстанның Сыртқы істер және Көлік министрліктері ұйымдастырған «Балтық теңізі: Еуразия қақпасы» атты халықаралық конференциясы өтті.

  • 21 Маусым 2011
  • 526
Фото - Caravan.kz

Оның жұмысына Еуроодақ елдерінің, Қазақстанның және АҚШ-тың мемлекеттік және бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Елшi Ғалымжан Қойшыбаев конференцияның бірінші сессиясын аша отырып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Қазақстанның көлік мәселелеріне ерекше ықылас аударғанын атап өтті. Ол Қазақстан мен Литваның «ЕҚЫҰ үштігі» шеңберіндегі әрекеттерін жоғары бағалап, Литваға екі төрағалықтың сабақтастығын қамтамасыз еткеніне ризашылығын білдірді. Елші сондай-ақ, Азиядан Қазақстан арқылы өтетін жүк ағымдарының өсуін ескеріп, еліміздің Литваның транзиттік әлеуетін пайдалануға мүдделі екенін атап өтті.

Конференцияның екінші отырысы Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кедендік одағының құрылуына байланысты елдеріміздің транзиттік ынтымақтастығына арналды. Конференцияның қорытынды отырысында экономикалық дағдарыстың көлік бизнеске қатысты салдары қарастырылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілінің пікірінше, конференцияда аталған Қазақстан мен Литва арасындағы транзиттік және көлік мүмкіндіктері, дүниежүзілік экономиканың өсуі, Литва экономикасының оңды үрдістері елдеріміздің арасындағы сауда және транзиттік ағымдарын кеңейтуге негіз қалайды.

Конференция барысында бірқатар мәдени шаралар өтті. Соның ішінде «Бизнес және өнердің синергиясы: Литва және Қазақстан» атты көрме және Қазақ киносының күндері өтті.Бұл көлемді бағдарламаға Клайпеда портының айдынындағы теңіз серуені, сондай-ақ порттың өнеркәсіптерімен, теңіз қауымдастығымен, Клайпеданың Еркін экономикалық аймағымен танысу шаралары кірді.

Соңғы жаңалықтар