«Классика» радиосы қазақстандық эфирге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Классика» радиосы қазақстандық эфирге шықты

«Классика» радиосы қазақстандық эфирге шықты

«Классика» радиосы дүйсенбіден бастап 102.8 жиілігінде қазақстандық эфирге шыға бастады.

  • 6 Маусым 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

«Мен біздің елде классикалық музыка базасындағы радио шыға бастағанына бақыттымын. Біз бұған 10 жылдай уақыт жұмысап, қол жеткіздік», — деді ҚазТАГ-қа консерватория ректоры Жәния Әубакирова.

«Біздің елде қалауыңызша телеарнаны, радиостанцияны, бұқаралық ақпарат құралын таңдап алуыңызға болады, ал эфирге «Кклассика» радиосының шығуы біздің бастамамыздың салмақтылығын көрсетеді. Біз осы жиілікте ұлттық және әлем классиктерінің шығармалары орындалатынына бақыттымыз», — деп «Хабар» агенттігінің директоры Гүлнәр Ықсанова атап өтті.

«Классика» радиосының таныстырылымы сенбі күні консерваторияның концерт залында өтті. Қонақтар үшін консерваторияның симфониялық оркестірі мен Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әртістерінің орындауында классикалық музыка орындалды. Қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен танымал балерина Лейла Әльпиева және консерватория мұғалімі Артур Платонов батасын берді.

«Классика» радиосы бұрынғы «RadioHitFMХабар» жиілігінде ойнайтын болады.

Бұрын хабарланғандай, «Классика» радиосы – «Хабар» агенттігінің Құрманғазы атындағы Қазақ консерватоиясымен бірлесіп құрған жаңа медиажобасы.

«Классика» радиосының мақсаты – аккадемиялық музыкалыфқ мәдениетті барша қазақстандық тыңдармандарға жеткізу.

Жаңа радиостанция классикалық музыка концертін Үлкен орган залынан тікелей эфирге шығара алады. Алғашқы кезде радио «Классика» тек Алматы тұрғындарына естіліп, келешекте барша қазақстандықтар да ести алатын болады. Бұл радио алғашқы күннен бастап цифрлық форматта хабар таратады.

Бұл арнада күніне бірнеше рет ақпараттық жаңалықтар да шығып тұрады. Әлем мәдениетіне өз үлестерін қосқан композиторлар мен атақты орындаушылар туралы да, ағарту бағытындағы да хабарлар беріледі.

Соңғы жаңалықтар