Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың наразылығын тудырды. Курьер клиенттердің есебінен тегін тамақтануды «әдісін» көрсетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Видеода курьер жігіт лас қолдарымен клиенттер тапсырыс берген тамақтың үстіңгі бөлігін жеп, қалғанын тапсырыс берушіге апарып беретіні туралы көрсетілген.
Видеодағы жігіттің кім екені белгісіз. Алайда ол өзінің ерсіз қылығын видеоға түсіріп, клиенттердің ақшасына қалай тегін тамақ жеуге болатынын көрсеткен.
Курьер тамақ салынған қамтаманы ашып, қолымен жеп, кейін тапсырысты клиентке апарып берген сәті түсірілген.
Бұл жағдай желі қолданушыларының ашуына тиді.
Енді тапсырыс бермеймін дегендер көп болды, одан бөлек тамақ жеткізу қызметіне бұрыннан күмәнмен қарайтындар үшін бұл бір дәлел болғандай.
Әзірге тамақ жеткізу қызметі бұл жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ. Кейбіреулер бұл тек әзіл үшін түсірілген болар деп болжауда. Ал сіздер не ойлайсыздар?