”Клубқа барып өліп қалсаңдар, обалдарың жоқ”: Исламтанушының жазбасы желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.16
  • 594.72
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Клубқа барып өліп қалсаңдар, обалдарың жоқ”: Исламтанушының жазбасы желіні шулатты

”Клубқа барып өліп қалсаңдар, обалдарың жоқ”: Исламтанушының жазбасы желіні шулатты

Өзін “Құран ұстазы әрі исламтанушымын” деген Балым Серікханқызының жазбасы желіні шулатты.

  • 19 Қаңтар
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Threads желісіні жазып, кейін өшіріп тастаған. Алайда жазбасы тарап кетті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осыған байланысты коуч Роза Әшірбаева өз пікірін білдірді.

”Ұстаз, үкімін айтып жіберіңізші, әйелдер үйлерінде өлсе обалы бола ма?

Мысалы Талғарда күйеуі екіқабат әйелін 5 жасар қызымен ұйықтап жатқан жерінде пышақтап өлтіріпті.

Жалпы әйелдер қай жерде өлгені дұрыс?
Қай жерде жүргені дұрыс?

Меккеге қажылықта жүрсе де еркектер тиіседі, хиджапта жүрген қыздарды да зорлайды.
Кішкентай қыздарға да тыныштық жоқ.

Кішкене шындыққа бері қарай шығасыздар ма? Статистика, жаңалықтар қарап, зерттеулер оқисыздар ма”, — деп жазды коуч.

Балым Серікханқызы өзінің не айтқысы келгенін түсіндіріп видео жариялады.

”Бұл жерде менің қателігім “обал жоқ” деп тұрғылықты жерімнің диалектісіне қарай айтып жіберіппін. Ол “сіздерді ешкім аямайды, мейіріммен қарамайды” деген сөз. Сол жазбаның астында адамдар түсінбей қалмасын деп бірден жазып кеттім. Ал бұл постты салған кісі астын оқымай жазып, мәтінді оқымай жатып неге салғанын түсінбедім. Ол киноға, киноға айтылған ой еді. Неге олай салғанын мүлдем түсіне алмай отырмын”, — деді исламтанушы.