«Жалпы газ саясаты мен газ бағасының қандай болатынын қарауымыз керек. Қазір ел ішіндегі газ бағасы нарықтағыдан айтарлықтай төмен болғандықтан, біз көптеген есептеулер жүргізіп, талқылаулар өткізіп жатырмыз», — деді ол дүйсенбі күні парламенттің бірлескен отырысы барысында депутаттар сауалына жауап беріп.
«Сондықтан ел ішіндегі газ бағасының көтерілуі міндетті түрде болатын үдеріс», — деді ол.
Сол себепті, деді премьер, қазір «ішкі нарықтағы газ бағасының қымбаттауын әлеуметтік осал топтың алдындағы әлеуметтік міндеттермен салыстырып көру керек».