К.Мәсімов Мәскеудегі бизнес-форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К.Мәсімов Мәскеудегі бизнес-форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына қатысты

К.Мәсімов Мәскеудегі бизнес-форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына қатысты

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Мәскеуде 10 шілде күні өткен «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнес мүдделері» атты бизнес-форумның қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына қатысты.

  • 13 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Журналистердің сауалдарына жауап бере келе, Кәрім Мәсімов «Кеден Одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы өте тез жүріп жатқаны соншалық, бизнес бүгінгі күнге дейін қабылданған шешімдерге дер кезінде үлгере бермегендігін» атап өтті.

Премьер-министр БЭК 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетініне назар аударды. «Бұл- біртұтас бәсекелі саясат, тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысы. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай, біз оған жақсы дайындалуымыз және түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет», — деп атап өтті К.Мәсімов.

Тәуелсіз Қазақстан ең алдымен!», — деп жазды Үкімет басшысы Twitterдегі пақшасына.

Кедендік одақтың қуатты бизнесі» — осындай тақырыппен Twitterге Кәрім Мәсімовтың «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнес мүдделері» атты бизнес-форумдағы сөзі орналастырылды.

Баспасөз мәслихатына РФ Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин және Беларусь Премьер-министрі Михаил Мясникович қатысты.

Соңғы жаңалықтар