К.Мәсімовтің қатысуымен ASTANA MINING & METALLURGY атты конгресс басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К.Мәсімовтің қатысуымен ASTANA MINING & METALLURGY атты конгресс басталады

К.Мәсімовтің қатысуымен ASTANA MINING & METALLURGY атты конгресс басталады

ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі басталады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

Форум жұмысына 25 елден 250 компанияның 900 делегаты қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Беларус, Австрия, Швейцария, Испания, Үндістан сынды елдердің өкілдері бар. Конгрестің қатысушылары арасында өзара тиімді меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қойылады деп күтілуде.

Форум пленарлық отырыс және үш секциядан тұрады. Оған қатысушылар нарықтағы өзекті тақырыптарды талқыламақ.

Конгрес аясындағы маңызды және қызықты оқиғалардың бірі Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы мен Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітабының тұсаукесері болмақ. Аталған басылымды 2012 жылы өтетін «РИО-20» Дүниежүзілік тұрақты даму саммитіне өзіндік жолдау және әдістемелік құрал деп атауға болады.

Сондай-ақ алқалы жиын аясында көрме ұйымдастырылып, «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Ал ертең конгрес өз жұмысын бірқатар алқалы отырыстармен және PricewaterhouseCoopers компаниясының кең аудиторияға арналған тау-кен компаниясын басқару бойынша шеберлік сыныбымен жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар