Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бастамамен бизнес өкілдеріне Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы шықты.
«Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық.»Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы
Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі деді.
Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Берекелі, сауабы мол айда Алланың мейіріміне бөленіп, әрбір ізгі амалымыздың жақсылығы еселеніп жазылғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Жаратушы Жаббар Иеміз келер жылғы Рамазан айына аман-есен жетуімізді нәсіп еткей! Әумин!Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы
2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған пітір-садақаның мөлшерін белгілеп, әрбір мұсылманға 735 теңге деп белгіледі. Бұл көрсеткіш екі килограмм ұнның орташа бағасы негізінде есептелген.
Садақаны Рамазан айы ішінде, мерекелік айт намазына дейін мұқтаждарға тапсыру қажет.