ҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты

ҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты

Бот арқылы Рамазан кестесін жүктеуге болады

  • 19 Ақпан
  • 3
© Photo : Духовное управление мусульман Казахстана

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бот @MuftyatBot деп аталады және ол діни сұрақтарға жауап беру үшін арнайы әзірленді, ол шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған.

Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады.

Еске салайық, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.